📖14.09.2023 ж. күні кітапханашы Ж.Алдонгарова тілдер онкүндігі аясында жазушы, драматург, публицист, Қазақстан Ленин комсомолы сыйлығының, Н. Островский атындағы бүкілодақтық әдеби сыйлықтың, Қазақстан мемлекеттік сыйлығының лауреаты Оралхан Бөкейге 80 жыл толуына орай “Алтайдың кербұғысы” атты әдеби кеші оздырылды.
📖Кештің мақсаты: оқушылардың жазушы жайлы ұғымдарын қалыптастыру, көркем сөз оқу шеберліктерін дамыту, әдебиет өнерін қадірлеуге баулу.
📖Кеш барысында жазушының өмір жолымен, шығармашылығымен таныстырылды. Ақындардың О. Бөкей туралы жазылған өлеңдері оқылды. Бала кезден бірге өскен, ауылда қалған досы Қайыпжомарт Жұртбаев жайлы жазылған очерктері айтылды.
#оралхан бөкей#
#80жыл#
#тілдер онкүндігі#
“Алтайдың кербұғысы” атты әдеби кеш
9/14/2023
№ | Атауы | Жүктеу |
---|---|---|
1 | ![]() |