Мұқағали Мақатаевтың туған күніне орай мектебімізде «Мен -өмірді жырлау үшін келгенмін» Мұқағали оқулары байқауының мектепішілік кезеңі өткізілді.
Мақсаты: Мектебіміздің оқушылары арасында М.Мақатаевтың шығармаларын насихаттау;
- Оқушылардың поэзияға деген құштарлығын арттыру, өлең сөздің құдіреті мен қуатын жанымен сезініп, жүрегімен түсіне білуге үйрету. Өз ой пікірлерін ғылыми тұрғыда жеткізе білуін дамыту;
Байқауға 5-10 сынып оқушылары қатысты.Байқау барысында оқушылар ақын өлеңдерін мәнерлеп оқудан, әндерін орындаудан өзара сынға түсті. Көркем сөз оқу шеберлігімен көзге түскен шығармашыл оқушылардың барлығы мадақтау қағазбен марапатталды.