20 наурызда "Ұлыстың ұлы күні-Наурыз" мерекесіне орай мектебімізде “Армысың,Әз Наурыз!" мерекесі тойланып өтілді. Мектеп ұжымымен оқушылары ұлттық дәстүрден көрініс көрсетіп, ұлттық нақышта әндер айтып, ұлттық биден тарту етіп, ұлттық салт-дәстүрді кеңінен насихаттады.
Мерекелік бағдарламаның шымылдығын мектеп директоры А.Ә.Әбіл құттықтау сөзімен ашып,, сыныптар арасында ұлттық салт-дәстүрден сыр шертетін көріністер көрсетілді.
Ұлттық Жаңа жылымыз Наурыз мерекесі елімізге, әрбір отбасына бірлік пен қуаныш, құт - береке, бақыт пен молшылық әкелсін!
НАУРЫЗ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!
АРМЫСЫҢ,ӘЗ-НАУРЫЗ!
3/20/2024