Аудандық «The Millennial Teacher» шығармашылық байқауы өтті
Ағымдағы жылдың 30 сәуір күні №3 ЖОББМ базасында аудандық «The Millennial Teacher» шығармашылық командалық байқауы оздырылды. Байқау мақсаты: қоғамдық - гуманитарлық пән мұғалімдерінің мәртебесін көтеру,тәжірибелерін насихаттау және қолдау. Байқауға жалпы орта білім беретін мектептерден 9 команда қатысты.
Байқау қорытындысы бойынша мектебіміздің «Биікке ұмтыл» тобы III орынды иеленді.Топ мүшелері қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Н.А.Рахметкалиева, ағылшын тілі пәні мұғалімі А.Д.Нагимова, орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі К.К.Саркенова, тарих пәні мұғалімі М.А.Имангалиева. Пән мұғалімдерін жетістіктерімен құттықтай отырып, шығармашылық табыстар тілейміз!
Аудандық «The Millennial Teacher» шығармашылық байқауы
5/2/2024